Сегодня - 07 апреля 2025 г 
 
RSS лента

«Каспий» футбол клубының» бұрынғы басшысы тергелуде

  • 27.12.2024, 02:38,
  • 207
  • 0
  • Автор:
Автор фото: "Атырау" газеті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамдағы заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз етуге ерекше назар аударады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Мәселен, Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Каспий» футбол клубы» ШЖҚ МКК бұрынғы директоры мен деструктивті діни орта өкілдеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

 

Олар зорлық-зомбылықты қолдана отырып, аса ірі мөлшерде ақша бопсалады деп күдіктелуде.

 

Маңғыстау облысы прокуратурасының үйлестіруімен үш күдікті ҚПК-нің 128-бабы негізінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

Қазіргі уақытта бұрынғы директордың оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру үшін футбол клубына бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактілеріне қатыстылығы тексерілуде.

 

Тергеу жалғасуда.

 

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

 

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости