Алатау көшесінде жол жоқ деуге болады, бұдан оқушылар мен ата-аналар әбден жапа шеккен. Тұрғындар әкімді күтпестен, жол жөндеуге өздері кірісіп кеткен. Ал, атқамінерлер күрделі жөндеу келесі жылдың жоспарына енігізілетінін айтады. Әкімдік өкілдері тұрғындардың бірнеше рет хабарласқанын жасырмайды, тек бұл жол кеңейтуді талап еткендіктен келесі жылға қалдырылған.