RSS лента

Шымбұлақ курорты Гиннестің рекордтар кітабына енді

  • 27.03.2023, 10:14,
  • 427
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Курорттың Facebook парақшасындағы сурет

Шымбұлақ курорты «Әлемдегі ең биік түнгі тау шаңғы трассасы» номинациясы бойынша Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Сертификатты тапсыру рәсімі және рекорд нәтижесін ресми тіркеу теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте "Талғар асуы" станциясында өтті.
Guinness World Records кеңсесінің судьясы Шейда Субаши-Гемиджи тау шаңғы курортының бас директоры Ринат Әбдірахмановқа әлемдік рекордты растайтын сертификатты табыстады. 
"Мен Шымбұлақ тау курорты әлемдегі ең биік түнгі шаңғы трассасы ретінде ресми түрде Гиннестің рекордын алғанын хабарлауға қуаныштымын. Бұл әлемдегі жаңа рекорд",- деді Шейда Субаши-Гемиджи.
Іс-шараға мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов пен Алматы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев қатысты.
Теңіз деңгейінен 3200 метр биіктіктен түнгі шаңғы тебу 2021 жылдың қарашасында басталды. Тау шаңғысы курортының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2021/2022 маусымында түнгі шаңғы тебуге 50 346 турист тіркелген, бұл маусымда 55 486 турист барып үлгерген. 
Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости