Төбелеске қатысы барлардың бірінің сөзінше, олар ресторанда бір әнге бірнеше рет тапсырыс берген. Бұл әрекет көрші үстелдегілерге ұнамай, арты төбелеске ұласқан.
«Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша Ақтау полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді» деп хабарлады полициядан.