RSS лента

Қазақстандық оқушылар Еуропалық олимпиадада төрт жүлде иеленді

  • 08.09.2025, 11:14,
  • 27
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Болгарияның Шумен қаласында IX Еуропалық жасөспірімдер информатика олимпиадасы (EJOI-2025) өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Байқауға 24 елден 100-ден астам жас бағдарламашы қатысты. Барлығы 52 медаль сарапқа салынды. Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетті – команданың барлық төрт мүшесі жүлдегер атанды. Біздің оқушылар қоржынын бір күміс және үш қола медальмен толықтырды: күміс медаль – Құрмет Әбілмансұр, Атырау облыстық «Білім-Инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы; қола медаль – Шаймерден Нұрәлі, Көкшетау қаласындағы «Білім-Инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы; қола медаль – Юсупов Саят, Өскемен қаласындағы «Білім-Инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы; қола медаль – Мұғжан Дінмұхаммед, Көкшетау қаласындағы «Білім-Инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы.

 

Команданы тәжірибелі тәлімгерлер дайындады: Әлімжан Аманов, PhD, Қазақ-Британ техникалық университетінің ассистент-профессоры; Батыр Сардарбеков, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы, спорттық бағдарламалау чемпионы.

 

EJOI-2025 қорытындылары қазақстандық оқушылардың жоғары дайындық деңгейін және отандық бағдарламалау мектебінің халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін тағы бір мәрте дәлелдеді.    

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости
Популярно
  • Сутки
  • Неделя
  • Месяц