RSS лента

Қазақстандық полиция іздеп жүрген азамат Черногорияда ұсталды

  • 11.06.2025, 11:40,
  • 49
  • 0
  • Автор:
Автор фото: polisia.kz

Қазақстандық полициямен іздестіріліп жүрген шетелдік азамат Черногорияда ұсталды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Черногорияның Будва қаласында аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген Түркия Республикасының азаматы ұсталды. 2022 жылдың қазан айынан 2024 жылдың маусымына дейін ер адам Қазақстандағы ЖШС-лердің бірінің директоры бола отырып, пайдакүнемдік ниетпен қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланып, бірқатар алаяқтық әрекеттер жасаған. Ол басқа ЖШС-лерге тиесілі қаражат пен мүлiктi иемденген.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости
Популярно
  • Сутки
  • Неделя
  • Месяц