RSS лента

Әлемдегі ең сұлу әйел анықталды

  • 14.08.2024, 10:06,
  • 494
  • 0
  • Автор:
Автор фото: zastavki.com

Лондондағы Жетілдірілген косметикалық және пластикалық хирургия орталығының қызметкері британдық пластикалық хирург Джулиан де Силва мінсіз бет-әлпетке ие әйелді анықтады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Sun басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

 

Маман актрисаның қасының орналасуы мен пішіні үшін де ең жоғары ұпай алғанын айтты.

 

Әлемдегі ең сұлу әйелдер рейтингінде бірінші орын алған Тейлор-Джойдан бөлек пластикалық хирург басқа да танымал тұлғалардың бет-әлпетіне талдау жасаған.

 

Осылайша, екінші орынды актриса Зендея (94,37), үшінші орынды супермодель Белла Хадид (94,35), төртінші орынды актриса Марго Робби (92,67) иеленді. Рейтингте бесінші орын актриса Сон Хе Геға (92,67) бұйырды.

 

Әртүрлі агенттіктер мен журналдар жыл сайын жариялайтын мамандардың ішінде атақты адамдардың бет-әлпетін сараптау үшін гректің Phi алтын коэффициентін қолданатын доктор Джулиан Де Силваның рейтингі ерекше орын алады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости