RSS лента

Әдейі жасалып таратылған ақпараттық толқын қандай болады? (видео)

  • 03.10.2025, 12:41,
  • 94
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ortcom.kz

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының жаңа шығарылымы, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Қазіргі медиакеңістікте жалған ақпарат сирек жағдайда кездейсоқ таралады — оның артында әдетте нақты құрылған технология тұрады. Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының жаңа шығарылымында қарапайым қолданушылардың жасанды пікірталастарға қалай тартылатыны және шынайы мәселені манипуляциядан қалай ажыратуға болатыны көрсетіледі.


Технологияларды білу – өзге манипуляциялардан қорғанудың алғашқы жолы.


Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының жаңа шығарылымында талқыланған мәселелер:


- «ақпараттық толқын» дегеніміз не және ол қалай жұмыс істейді;


- оны ұйымдастырушылар қандай құралдарды пайдаланады — ботофермалар мен тапсырыспен жазылған пікірлерден бастап дипфейктер мен синхронды таратылымдарға дейін;


- мұндай кампанияларды кім және не үшін жүргізеді, олардың қоғамға әсері қандай;


- нақты мысалдар: бағалар мен тарифтерге қатысты дүрбелең, шенеуніктердің сөздерін бұрмалау, салық туралы қауесеттер.


Толық шығарылымды Орталық коммуникациялар қызметінің ресурстарынан көріңіз.


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости