"Тұрғындар өтемақы төлеу, тұрғын үймен қамтамасыз ету, инфрақұрылымды қалпына келтіру, қосымша техникамен қамтамасыз ету, эвакуациялау үшін тікұшақпен қамтамасыз ету мәселелерін көтереді, Құлсары қаласы әкімдігінің өкілдері көрші қауіпсіз ауылдарға толық эвакуация туралы хабарлады, сондай-ақ ағымдағы жағдай мен ТЖ жою бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, жеке көлік құралдарымен қауіпсіз жерлерге көшуге рұқсат етілді" деп хабарлады штабтан.
Тұрғындарды тасымалдау мақсатында Құлсары қаласы әкімдігінің алдында қажетті автобус саны дайындалды, сондай-ақ «ҚТЖ» АҚ-мен бірлесіп, күн сайын Құлсары-Атырау бағыты бойынша тегін жүретін бес вагоннан тұратын пойыз ұйымдастырылды.
Айта кетейік, Құлсарыда алдын ала ақпаратқа сәйкес 2500-ге жуық жеке тұрғын үй мен әкімшілік ғимараттарды су басты. ЖАО, ТЖД, ПД, ҚМ, Ұлттық ұлан күштері халықты эвакуациялауды жалғастыруда. Осы сағатта 4 мыңнан астам адам, оның ішінде 1 мыңнан астам бала эвакуацияланды.
Сондай-ақ, төтенше жағдайға байланысты емделушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында орталық ауруханада ем алып жатқан 70 науқас Бейнеу аудандық орталық ауруханасына көшірілді. Олар 14 жедел-жәрдем реанимациялық автокөлігімен және 50 адамдық екі ikarus көлігімен тасымалданады.
- Қазіргі уақытта ауруханада 77 науқас ем алып жатыр. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көршілес облысқа тасымалдап жатырмыз. Аурухананың жан сақтау бөлімінде екі, хирургия бөлімінде 12, терапия бөлімінде 10, балалар және босану бөлімінде науқастар бар. Оларды қауіпсіз орынға көшіру мақсатында эвакуация жүріп жатыр. Жағдайы ауыр науқастар реаниматологпен, анестезиологпен және толық жабдықталған ИВЛ аппаратымен барады. Жатып баратын науқастар жедел-жәрдем көлігімен, отырып баратындар ikarus-пен қатынайды,-деді ауданның бас дәрігері Асұлан Абдрахманов.
Сонымен қатар науқастармен бірге емдеуші дәрігерлер ілесіп барады. Олар дәрі-дәрмектің барлық түрімен қамтылды. Қызметкерлер Бейнеу аудандық ауруханасына бара отырып, емдеу-сауықтыру жұмыстарына көмектеседі. Жалақысы іссапар ақысы негізінде төленеді. Ал аудандық аурухана жағдай тұрақталғанға дейін тек алғашқы көмек көрсетеді.