Жақында Алматыда тағы бір жезөкшелер үйі анықталғанын рolisia.kz хабарлады. Кәсіпкер әйел – 34 жаста. Ол – Шығыс Қазақстан облысынан келген.
– Сауықтыру массажы мекемесі ретінде танылған оның салонында 7 массажист-әйел жұмыс істейді, жедел деректерге сәйкес, олардың қызметіне жыныстық қатынас та кіреді. Әйелдер ПД-ға жеткізіліп, олардың жеке басы қандай да бір заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғына тексерілді. Үйдің иесі де анықталды. Ол жезөкшелікпен айналысуға саналы түрде үй-жай бергені үшін жауапкершілікке тартылды, – деді Алматы қалалық ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев.