Тексеру қорытындысы бойынша 2,2 млн. гектар аумақта жер заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы 1342 ұйғарым берілді.
Бұрын берілген нұсқамалар негізінде 311,3 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлерін игеру басталды. Бұл туралы еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлім етті. 200,4 мың гектар алқапта пайдаланылмайтын жерлерді алып қою бойынша сот талқылаулары жүргізілуде.
ЖАО қабылдаған шешімдердің заңдылығын мемлекеттік бақылау шеңберінде 368,5 мың гектар алқапта ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беру туралы 875 заңсыз шешім анықталды, оның ішінде 84 шешім жойылды. Негізгі бұзушылықтар конкурстық рәсімдерді айналып өтуге және жалпыға ортақ пайдаланылатын жайылымдарды заңсыз бөлуге байланысты.
Жыл басынан бері атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша 2 млн гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды, бұл 2024 жылғы жоспарды мерзімінен бұрын орындауға мүмкіндік берді.