Оның ішінде 6 мың га Жамбыл, 2000 га Балқаш ауданына тиесілі. Жер учаскелері ҚР Жер кодексінің 43-1-бабын бұза отырып берілген. Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлім еткендей, аумақтық департаменттің талап арызы бойынша Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану туралы үлгілік шарттар жарамсыз деп танылды.
Жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды.