RSS лента

Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықты кімдер алды?

  • 23.10.2024, 16:40,
  • 193
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2024 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекеттік сыйлық:

1. ақын Нұржан Светқалиға – «Көкірегім көне кітап» жыр кітабы үшін;

2. жазушы Ергөбек Құлбек Сәрсенұлына – «Адамның бір қызығы бала деген» кітабы үшін;

3. авторлық ұжым Бапанов Әлібай Қалтайұлы мен Бапанова Сәуле Сыздыққызына – «Көшпенді фрескалар» киізден бастырылған паннолары топтамасы мен «Әлем өрнектері» гобелендер топтамасы үшін;

4. суретші Мүсәпір Жанұзақ Керімбекұлына – «Балалықтан даналыққа жол» топтамалар жинағы үшін берілді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости