RSS лента

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету заң жобасына жаңа шаралар енгізілді

  • 21.02.2024, 14:36,
  • 245
  • 0
  • Автор:
Автор фото: pixabay.com

Бүгін Мәжіліс отырысында депутаттар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларды қорғау үшін заң жобаларында көзделген шараларды талқылады, деп хабарлайды Turantimes.kz 

Жаңа шаралар: 

– әр ауданда отбасын қолдау орталықтарын ашу;
– өмірлік қиын жағдайдағы отбасыларды ерте анықтау бойынша мобильді топтардың жұмысын ұйымдастыру;
– психологиялық және өзге де көмек көрсету үшін 111 контакт центр құру;
– зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке, қорқытуға ұшыраған кәмелетке толмағандарға көмек көрсету бағдарламаларын әзірлеу ұсынылады.


16 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адамды автобустан және өзге де қоғамдық жолаушылар көлігінен мәжбүрлеп түсіргені үшін әкімшілік жауапкершілік енгізіледі.


16 жасқа толмаған балаларға жыныстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости