RSS лента

Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енді

  • 09.01.2024, 17:03,
  • 276
  • 0
  • Автор:
Автор фото: akorda.kz

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» ҚР Заңының 9-бабына сәйкес Мемлекет басшысы қаулы етті, деп хабарлайды Turantimes.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қаулы мәтіні: 

1. Алматы облысының Іле ауданы одан Жетіген ауылын бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Алматы облысы Іле ауданының Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылсын және оның атауы Алатау қаласы болып өзгертілсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтың 1 және 2-тармақтарын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
4. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости