Сенат Спикері Өзбекстанда өткен іс-шаралардың маңыздылығын атап, бұл Парламент депутаттарының бірлескен жұмысын жандандыра түсетінін айтты.
Өз кезегінде Танзила Нарбаева елімізде жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жоғары бағалап, түрлі сала бойынша ортақ жобаларды іске асыруға дайын екенін жеткізді.
Кездесу барысында тараптар жақында Астанада өткен Орталық Азия елдерінің әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі алғашқы құрылтайына да назар аударып, оның қорытындысы бойынша әзірленген ұсынымдар аясында әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту перспективаларын талқылады.