«Саланың басты кедергілерінің бірі – шекарада және әуежайларда ұзаққа созылатын әкімшілік рәсімдер. Бізге осы мәселе бойынша да жұмыс істеу керек. Бүкіл Орта дәліз бойымен бір логистикалық тізбек құру үшін көршілес елдермен ақпараттық жүйелерді интеграциялау жөнінде келісіміміз бар», — деді Әлихан Смайылов.
Оның сөзінше, жүргізіліп жатқан жол құрылысы жұмыстарының сапасы – бөлек мәселе. Атап айтқанда, Қарағанды, Алматы және Ақмола облыстары жергілікті жол желісінің сапасына әлі күнге 100% сараптама жүргізбеген.
«Бұдан бөлек, кей өңірлер құрылыс-монтаждау жұмыстарын техникалық қадағалау тарапының бақылауынсыз жүргізеді. Техникалық қадағалаумен келісімшарттар кеш жасалады я мүлдем жасалмайды. Бұл жұмыстың сапасына тікелей әсер етеді», — деді Премьер-Министр.
Сондай-ақ Үкімет басшысы отандық өнеркәсіптің әлеуетін арттыру қажет екенін атап өтті. Ол битум және рельстен бастап тепловоздар мен ауыр жүк көліктерін жасап шығаруға дейін көлік саласының негізгі қажеттіліктерін қамтуға тиіс.