RSS лента

Жаңбыршин: министрлер мен олардың орынбасарлары Мәжіліске дайындықсыз келеді

  • 08.11.2023, 14:46,
  • 172
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Turan Times

Мәжіліс отырысында депутат Еділ Жаңбыршин министрлер мен олардың орынбасарлары Парламентте сөз сөйлеуге төмен дайындықпен келетініне наразылығын білдірді, деп хабарлайды Turantimes.kz

Депуттатың ойынша, мемлекеттік органдардың өкілдері сұрақтарға толыққанды жауап бермейді. Баяндамаларын қағаздан оқиды, дайындықсыз келеді. Әрі бұл бірнеше мәрте қайталған жағдай, депутаттар нақты сұрақ қойғанымен ешқашан нақты жауап аламайды. 


Одан әрі мәжілісмен сұрағына көшті. Ол мемлекет бизнесті қолдап кейбір қателіктерге жол бергенін мәлімдеді. Мысал ретінде Екібастұз ЖЭО-да болған апатты, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-мен болған жағдайды келтірді. Бұл ретте, парламентарий атап өткендей, еңбек қауіпсіздігі, экологиялық қауіпсіздік органдары және басқа да құрылымдар өнеркәсіп объектілерін тексеруді жүзеге асыра алмайды. Жаңбыршин Ұлттық экономика министрінен осы мәселені шешу үшін Үкіметтің не істеп жатқанын сұрады.


ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мемлекеттік органдардың тиісті құқықтары, яғни жедел қалпына келтіру шаралары бар деп жауап берді. 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости