Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев баяндамасында келесі ақпарат ұсынды:
- қазір университетте жалпы құны 8,1 миллиард теңге болатын 400 ғылыми жоба іске асырылып жатыр;
- Президенттің мамыр айындағы ҚХР-ға ресми сапары аясында ҚазҰУ-да Қытайдың Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің филиалын ашу жөнінде келісімге қол қойылған болатын. 12 қазанда университет базасында аталған оқу орнының филиалы ашылды;
- 2024-2026 жылдары ҚазҰУ қалашығы құрылысының екінші кезеңі жүзеге асырылады;
- жаңа қалашықта 8 оқу корпусы, технопарк және 12 жатақхана бой көтермек;
- жуық арада 3180 орындық 3 жатақхананың құрылысы басталады.