RSS лента

Тоқаев SINOPEC компаниясы директорлар кеңесінің төрағасымен кездесті

  • 17.10.2023, 13:40,
  • 334
  • 0
  • Автор:
Автор фото: akorda.kz

Қазақстан мұнай-газ химиясына қатысты 7,7 миллиард долларға ауқымды жобасына қатысуда, деп хабарлайды Turantimes.kz Аөорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Кездесу барысында өзара ынтымақтастық және мұнай-газ химиясы мен энергетика салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру перспективалары талқыланды.


Тоқаев SINOPEC компаниясының полиэтилен өндірісі жобасына толыққанды серіктес ретінде қатысуы Қазақстанның аталған кәсіпорынмен орнықты ықпалдастығының айқын дәлелі екенін атап өтті. Қазақстан мұнай-газ химиясына қатысты әлемдік деңгейдегі мұндай ауқымды жобаны бұған дейін жүзеге асырмаған. Жобаның жалпы құны – 7,7 миллиард доллар.


Өз кезегінде Ма Юншэн Мемлекет басшысына компанияның 2024 жылдың екінші жартысында зауыт құрылысын бастауға ниеттеніп отырғанын айтты. Сондай-ақ Атырау мұнай өңдеу зауытының базасында тағы бір стратегиялық жобаны жүзеге асыру – терефталь қышқылы мен полиэтилентерефталат өндірісі кешенін салу жоспарын жеткізді.


Сонымен қатар, кездесуде геологиялық барлау және жер қойнауын пайдалану, заманауи технологияларды қолдануға қатысты ынтымақтастық мәселелері қарастырылды. 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости