RSS лента

Ерлан Қошанов депутатқа ескерту жасады

  • 11.10.2023, 16:23,
  • 296
  • 0
  • Автор:
Автор фото: mazhilis_kz

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов депутат Бақытжан Базарбекке ескерту жасады, деп хабарлайды Turantimes.kz ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.  

Депутат Бақытжан Базарбек бүгінгі отырыста сауалын еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріне сәлемінен бастады.

«Тамара Қасымовна,  бірнеше жыл бұрын Президенттің кеңесшісі болған кезде Сізбен байланысқа шыққанбыз. Сонда Солтүстік Қазақстан облысы Бостандық ауылының тұрғындары жайылым жерлерінен айырылып қалғанын хабарладық. Сіз жеке маған және ауыл тұрғындарына уәде берген едіңіз. Енді міне әп-әдемі болып, түк білмегендей қазір министрдің қызметіне отырдыңыз. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып Сізге ауыл тұрғындарынан жалынды сәлемін  жеткізіп отырмын!», - деді.


Депутаттың сауалы Ауыл шаруашылығы министріне жолданды:  

«Біз «Жер аманаты» комиссиясы нәтижесінде 8,5 млн гектар жерді қайтардық. Ол комиссияның үлкен жұмысы. Біріншіден, ол қайтарылған жерлер жайылымды жерлер, халықтың мал жайлауы үшін қамтамасыз етілген жерлер. Бірақ соңғы уақытта біз теріс сигналдарды алып отырмыз. Біздің қайтарған жайылымды жерлерді жергілікті әкімдер, жемқор әкімдер оны оңды-солды олигархтарға, бай қуаттарға қайтадан беріп отыр. Айдарбек Сапаров осында болса жауап берсін. Ақпарат бар ма? Әкімдер кім? Аты-жөнің осы жерде атасын. Керек болса, министрді министрліктен қуып жібереміз. Жайылымды жерлерді халыққа қайтару керек".


Өз кезегінде Ерлан Қошанов депутаттық этиканың барын еске салып, агрессиясыз сөйлеуін сұрады. Спикер: 

"Қойып отырған сұрағыңыз дұрыс. 10 млн гектарға жуық жер қайтарылды. Бұл біріншіден, комиссияның жұмысы. Оны бөлу кезінде әділ бөлініп жатыр ма, жоқ па, бірінші кезекте жергілікті әкімдердің, екінші кезекте, құзыретті органдардың мәселесі, солардың жауапкершілігі. Екіншіден, комиссияның құрамына бас прокуратура да кіреді, ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығы, жер ресустары комитетінің басшысы, депутаттар, сонымен қатар қоғам белсенділері кіреді. Оның басшысың бірі - өзіңізсіз. Сондықтан мен де Сізге жалынды сәлем айтамын.

Сондықтан бұл мәселені жергілікті билік өкілдері де қарау керек, министрліктердің де жауапкершілігі, сонымен қатар, жаңағы комиссия жерді қайтарды ма, қалай бөлініп жатыр, құзыреті болғандықтан қарауы керек", - деді.  

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости