RSS лента

Бас құжаттың үстемдігі артса игі…

  • 30.08.2023, 18:27,
  • 344
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Turan Times

Қазақстан Конституциясының өзге өркениетті елдердің Ата Заңынан қандай ерекшеліктері бар? ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Әділ Жұбанов осы және өзге де сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

– Конституцияға енгізілген соңғы өзгерістер қазіргі заман талабына сай деп есептеймін, - дейді ол. – Жалпы бір  кішігірім мекеменің өзінде билік бір қолда болатын болса, бұл мұнда бәрі дұрыс дегенді білдірмейді. Сондықтан Ата заңға соңғы енгізілген өзгерістер өте құптарлық. Мұндай толықтырулардың Тәуелсіздік алғаннан кейін отыз жылдан соң уақытынан кешіктіріліп енгізілсе де, дейтұрғанмен оң өзгеріс екені рас. Өйткені жаңа Қазақстан құру үшін басшылар уақытында ауысуы керек. Халықтың қолында билік болуы қажет. Сайлау науқандары өз уақытында өткізіліп отырғаны жөн-ақ. – Біздің Ата заң отыз жылдың ішінде сан мәрте өзгерістерге ұшырады. Менің ойымша, өркениетті елдердің негізгі құжатымен салыстырғандағы ең басты ерекшелік осы шығар. Басқа өзгешеліктерді атап айта алмаймын. Себебі, өзге елдердің басты заңымен салыстырғанда аса алып-қосары жоқ деп ойлаймын. – Қазіргі Ата заң халық игілігі үшін қызмет етсе екен деймін. Ең бастысы ұсынысым осы.  Яғни, қазір қолда бар заңның үстемділігін арттыру – басты мақсат. Бұл ретте қарапайым халықтан басқа билік те Конституцияда көрсетілген заңдылықтармен еңбек етіп, тәртіппен жүріп-тұруы қажет.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости