RSS лента

Мемлекет басшысы: Елдікті бұзу – заң алдында – қылмыс, құдай алдында – күнә.

  • 27.04.2023, 11:03,
  • 455
  • 0
  • Автор:
Автор фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ХХХІІ сессиясының отырысын бастады, деп хабарлайды Turantimes.kz Ақордаға сілтеме жасай отырып. 

Президент:

«Еліміз жақында Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтеді. Бұл – ырыс-ынтымақты, татулық пен келісімді дәріптейтін мейрам. Қазақстан үшін бұл аса маңызды мереке. Еліміз Бірлік күнін міндетті түрде атап өтуге тиіс. Себебі қасиетті Отанымыздың іргесі бүтін, тұғыры мығым болсын десек, бірлігіміз әрқашан бекем болуы керек. Бұл – анық ақиқат». 


«Біз «бірлік пен тұрақтылық болмаса, саяси-экономикалық реформалар жүзеге аспайды» дейміз. Әрине, бұл – дұрыс пайым. Бірақ бірлік дегеніміз мақсатымызға апаратын жол ғана емес. Бұл – мемлекеттілігіміздің ең басты тірегінің бірі».

«Қазақстандағы барлық этнос өкілдері қазақтың болмысын бойына сіңіруде. Елімізде қазақтың салт-дәстүрін ұстанатын өзге ұлт өкілдері өте көп. Оны өздеріңіз жақсы білесіздер. Қазақстан олар үшін туып-өскен, ержеткен, білім алған, отбасын құрған қастерлі мекені, Отаны болып саналады. Бұл – табиғи үрдіс». 


«Ұлы Абайдың «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден ерек» деген сөзі бар. Расында, санасы сергек, жауапкершілігі жоғары адамдар ғана қоғамды жаңғыртады, түрлі этностар мен мәдениеттердің басын қосқан ұлтымызды алға қарай жетелейді».


Оған қоса, Президент барша отандастарды елдің береке-бірлігін бағалай білуге шақырды. «Ел бірлігін нығайту үшін қызмет ету – ең жауапты әрі сауапты іс. Елдікті бұзу, бірлікті шайқалту, бұл – заң алдында – қылмыс, құдай алдында – күнә», деп атап өтті. 


«Ассамблеяның саяси партиялармен және мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынасын күшейту керек. Бұл жұмысты орталықта және аймақтарда жүргізген жөн. Біз ауқымды саяси реформалардың нәтижесінде шынайы пікір алуандығына қол жеткіздік. Әрине, әр саясаткердің өз пікірі болуы орынды».


«Партияларды ортақ іске жұмылдырудың тағы бір маңызды жолы – Парламентте депутаттық бірлестік құру. Ассамблеядан сайланған бес сенатор бұл шаруаның басы-қасында жүруі керек. Этносаралық қатынас саласындағы өзін өзі басқару институттарын дамыту – маңызды міндеттің бірі. Ассамблея бұл жұмысты этномәдени бірлестіктердің қызметін үйлестіру арқылы атқаруда», деді Мемлекет Басшысы. 


«Қазақстан этносаралық татулық пен келісімді сақтау үшін әрдайым орнықты және салиқалы саясат жүргізеді. Бұл – мемлекетіміз үшін мызғымас ұстаным». 


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости