Мұхамедиұлы негізгі сот талқылауы алдын ала тыңдаусыз басталғанын атап өтті.
"Конституцияны бұзбау үшін біз алдымен алдын ала тыңдауды бастағанымыз жөн, содан кейін негізгі сот талқылауына көшкеніміз жөн. Біз бірнеше күн бұрын екінші рет ота жасатқаныма байланысты үй қамағына алу үшін бірнеше өтініш жасадық, денсаулығым күн сайын нашарлап бара жатыр", - деді ол.
Сонымен қатар, Арыстанбек Мұхамедиұлы соттан бұл істі қарауды тоқтатуды сұрады, себебі ол өз кінәсін мойындамаған.
Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы 2022 жылдың мамыр айынан бері қамауда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оған бюджет қаражатын ұрлады деген айып таққан еді.