Көшке ілеспей, сол көшті бастау керек
– Шын мəнінде, бүгінгі басқосудың мəн-маңызы зор. Қай заманды алып қарасақ та, дамудың басты кілті бұл – ғылым. Адамзат тарихындағы жетістіктің барлығы – білімнің жемісі. Əсіресе қазіргі озық технология дəуірінде ғылымсыз алға басу мүмкін емес. Сондықтан мен ғылымды дамыту ісіне айрықша мəн беріп отырмын. Осы өзекті мəселе бойынша сайлау алдындағы бағдарламада арнайы өз пікірімді айттым. Себе бі ғылымды дамыту – мемлекет саясатындағы ең маңызды бағыттың бірі, – деді Президент.
Мемлекет басшысы елімізде ұзақ жыл бойы ғылымға баса назар аударылмағанын айтты. Соның салдарынан шешімін таппай жатқан мəселелер жетерлік. Тіпті бұл сала артта қалды деуге де болады.
– Біз өркениетті ел боламыз десек, осы олқылықтың орнын толтыруымыз керек. Сол себепті менің Жарлығыммен Ғылым жəне технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес құрылды. Оған Президент жанындағы кеңес мəртебесі берілді. Бұл – мемлекеттің ғылым саласындағы басымдықтарына қатысты ұсы ным əзірлейтін негізгі құрылым. Біз кеңесті жасақтаған кезде оның құрамына айрықша мəн бердік. Қазақ ғылымына зор еңбек сіңір ген аға буын өкілдерін жəне шетел ғалымдарын шақыр дық. Əлемге əйгілі ғылыми орта лықтарда жұмыс істеп жүрген жас ғалымдарымыз да кеңестің құрамына қосылды. Бізге алдыңғы толқынның мол тəжі рибесі, кейінгі толқынның озық білімі жəне тың идеялары аса қажет. Олар өзара үйлесім тауып, еліміздің кəдесіне жарайды деп сенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Осы орайда Президент жұмыстың негізгі бағдары мен басымдықтарын айқындап алуымыз керектігін айтты. Қазір əлемде түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Геосаясат, экономика жəне қоғамдық қатынастар бұрын-соңды болмаған сын-қатерлерге тап болды. Ғылым мен технология өте қарқынды дамуда.
– Ғылым саласы қаржы айналымы миллиардтаған долларды құрайтын алып индустрияға айналды. Технологиялық ірі корпорациялардың құны триллион долларға жетті. Нейрожелі жəне жасанды интеллект революциялық үдерістерге бастау болып жатыр. Соған сəйкес мүлде бөлек, жаңа өмір салты қалыптасуда. Оның пайдалы жақтарымен қатар зор қатер туғызуы мүмкін зиянды тұстары да бар. Жасанды интеллектіге байланысты, тіпті Илон Масктің өзі алаңдаушылық білдіріп, оның дамуын əзірше тоқтату керек деп айтқан екен. Өйткені жасанды интеллект бүкіл адамзатқа үлкен қауіп төндіруі мүмкін деп ескерткен. Энергетика, медицина, био жəне гендік инженерия саласында іргелі жаңалықтар ашылды. Оның бəрі адамзат өміріне түбегейлі өзге рістер əкеле бастады, – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, əлем қауымдастығы бірлесіп шешімін табуға тиіс аса күрделі мəселелер бар. Жаһандық жылыну үдерісін бəсеңдету, азық-түлік қауіпсіздігін сақтау жəне індеттің салдарын жою айрықша маңызды. Бір сөзбен айтқанда, заман өте жылдам өзгеріп жатыр. Біз осы өзгеріске бейімделуіміз керек. Əйтпесе, өркениет даңғылынан қалып қоюымыз мүмкін.
– Түпкі мақсатымыз – көшке ілесетін емес, сол көшті бастайтын елдердің қатарында болу. Бұл мақсат, əрине, өте күрделі, оны жақсы түсінуіміз керек. Мен бұл туралы үнемі айтып жүрмін. Яғни ғылыми дамудың соңында қалмай, осы прогресті анықтайтын мемлекеттердің қатарында болу – негізгі міндет. Бəлкім, бұл міндет тым күрделі көрінер. Бірақ біз алдымызға осындай мақсат қоюымыз керек. Оған еліміздің ғылыми əлеуеті жетеді. Бұл міндеттің оңай емес екенін түсінемін. Алайда біз оны сөзсіз орындауға тырысуымыз қажет. Жалпы, біз алдымызға қол жеткізе алмайтын тым асқақ мақсаттар қоймауымыз керек, бірақ ғылыми жетістіктерге жету үшін бар күш-жігерімізді салуымыз қажет, – деді Мемлекет басшысы
Үшінші технологиялық деңгейде жүрміз
Президент атап өткендей, елімізде мықты ғылыми мектеп бар. Білікті ғалымдарымыз да көп. Мемлекет тарапынан ғылымға жан-жақты қолдау да көрсетіліп жатыр. Əсіресе соңғы жылдары бұл салада біршама өзгеріс болды. Ғылымды қаржыландыру тəсілдері жақсарды, қаржы көлемі едəуір артты. Ғылыми мекемелер біртіндеп жаңғыртылып жатыр. Əлемге əйгілі ғы лыми орталықтарда тəжірибеден өткен мамандар саны көбейіп келеді. Докторанттарды даярлауға жəне ғылыми жұмыспен айналысуға бөлінетін грант саны артты. Жалпы, жастардың ғылымға деген қызығушылығы ояна бастады. Президенттің пікірінше, мұның бəрі жеткіліксіз. Ашығын айтсақ, ғылым саласы əлеуметтік-экономикалық өркендеуге əлі де тың серпін бере алмай отыр.
– Қазақстан басқа посткеңестік мемлекеттер секілді ғылым дамуының «мобилизациялық модель» парадигмасынан шыға алмай қалды. Жоспарлау мен басқарудың шектен тыс орталықтанған жүйесі, мемлекеттік қаржыландыруға тым тəуелді болу, ғылыми-зерттеу жəне тəжірибелік-конструкторлық жұмыстарға бизнес тарапынан сұраныстың аз болуы, кадр тапшылығы, əсіресе жас мамандардың ғылымнан кетуі – осы модельге тəн проблемалар, – деді Президент.
Осы орайда Мемлекет басшысы қазіргі ахуалды сипаттау үшін бірқатар мəселеге тоқталып өтті. Соңғы бес жылда ғылымға бөлінетін қаржы 60 пайызға артты. Ал ішкі жалпы өнімдегі ғылымның үлесі, керісінше, 0,13 пайызға төмендеді. Бұл қаражаттың басым бөлігі, нақтырақ айтсақ, 70 пайызы бюджеттен бөлінеді. Сондай-ақ ғылымның түрлі саласын қаржыландыру ісінде өте үлкен теңсіздік бар. Қаражаттың 82 пайызы іргелі жəне қолданбалы ғылымға жұмсалады. Қалған 18 пайызы ғана тəжірибелікконструкторлық зерттеулерге арналған. Елімізде ғылыми зерттеулерді іске жаратып, қолданысқа енгізетін өндіріс өте аз. Кəсіпорындардың 65 пайызы шикізат, металлургия саласында жұмыс істейді. Бұл – үшінші технологиялық деңгей деген сөз.
– Машина жасау, мұнай-химия саласындағы, яғни төртінші деңгейдегі өндірістің үлесі – 34 пайыз. Қалған 1 пайызы микроэлектроника, роботтандыру жəне IT салаларында немесе бесінші деңгейдегі технологиямен жұмыс істейді. Нано жəне биотехнологияға негізделген алтыншы деңгейдегі өндіріс бізде мүлде жоқ. Бұл жағдай көш соңында жүргенімізді көрсетеді. Ғылымның анағұрлым озық салалары бойынша тым артта қалып келе жатырмыз. Мен нақты цифрларды мысалға келтірдім. Оны мойындауымыз керек. Дамыған елдерде кəсіпорындардың тең жартысынан көбі – бесінші, ал 5 пайызы – алтыншы деңгейге жеткен. Бір сөзбен айтқанда, біздің өндірістеріміз олармен салыстырғанда артта қалған. Бұл айырмашылықты жою – еліміз үшін өте өзекті мəселе. Сондықтан ғалымдарымызға айрықша міндет жүктеледі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Салықтық жеңілдіктер – салаға серпін
Мемлекет басшысының пікірінше, ғылым саласы ұлттық экономиканы жаңғырту ісінде аса маңызды рөл атқаруға тиіс. Мысалы, Қытайда ғылымға негізделген қоғам атты партия ма құлдаған тұжырымдама бар. Яғни Қытайда ғылымға негізделген қоғам тұжырымдамасы бар. Партия жəне Үкіметтің барлық маңызды шешімдері міндетті түрде ғылыми сараптамадан өтуі керек. Мұның бəрі Қазақстан ғылымының даму моделін түбегейлі жаңартатын уақыт келгенін көрсетеді.
– Сондықтан Қазақстан ғылымын дамыту үлгісін түбегейлі өзгерту – аса маңызды міндет. Қажет болса, келешекте ғылыми шешімдер мен цифрландыруды негізге алатын парасатты экономика моделіне көшу керек болады. АҚШ, Қытай, Сингапур, Жапония, Оңтүстік Корея, Түркия елдеріндегі технологиялық серпілісті бүкіл əлем біледі. Олар ғылымның ашық нарықтық үлгісіне көшкеннен кейін зор жетістікке жетті. Мұндай үлгінің бірқатар ерекшелігі бар. Ең алдымен, ғылымға қаржы салуға жеке инвесторларды ынталандыру керек. Технология секторы алып-сатудан гөрі пайдалы əрі өміршең бизнес екеніне кəсіпкерлердің көзін жеткізу қажет. Сонда ғана ғылым мен бизнес арасында өзара тиімді əріптестік орнайды, – деді Президент.
Мемлекет басшысы айтқандай, зерттеу жұмыстарымен шұғылданатын университеттерді қолдау қажет. Ғылым мен өндірістің байланысын нығайтып, инновацияның өзіндік құнын төмендеткен жөн. Яғни тың идеяларды жəне технологиялық жаңалықтарды жедел енгізу өте маңызды. – Сондай-ақ қажет мамандарды осы салаға ұдайы тартып отыру керек. Бұдан бөлек, балаларды мектеп жасынан бас тап ғылымға, инновациялық тұрғыда ойлау əдісіне баулу аса маңызды. Шын мəнінде, дарынды балаларды жастайынан ғылымға тарту керек. Осы өте маңызды жұмысты ірі кəсіпорындар жүргізіп отырса, құба-құп болар еді. Ғылымға бейім жас тарды ғылыми орталықтарға шақырып, ғалымдардың жаңа буынын дайындау керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің айтуынша, Үкімет Қазақстанда ғылымның ашық моделін қалыптастыру үшін кешенді шараларды жүзеге асыруы керек. Ең алдымен, ғылым ды дамытудың жаңа тəсілдерін заң жүзін де бекітіп, мемлекеттің ғылыми-тех-нологиялық жəне экономикалық саясатының өзара байланысын күшейткен жөн. Таяуда Ғылым мен жоғары білім саласын дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданды. Енді ғылым мен технологиялық саясат туралы арнайы заң əзірлеудің қажеттілігі туындады. Бизнесті ғылымға қаржы құюға ынталандыру үшін салық жеңілдіктері мен инвестициялық преференцияларды «ауқымды шегерімдер» түрінде енгізу қажет.
– Əлихан Асханұлы, ғылымға көбірек инвестиция тарту үшін салық жүктемесін жеңілдету арқылы ынталандыру мүмкіндіктерін қарастырыңыз. Бізге салық саясатында, жалпы алғанда, икемді тəсілге көшу керек деп ойлаймын. Азайтуға мүмкіндік бар жерде, қорықпау керек. Түптеп келгенде, Салық кодексі осы заңнама аясында тиісті шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін қарапайым нормативтік акт болуға тиіс. Бүкіл Салық кодексін мың бет тен тұратын қасиетті кітапқа айналдырмайық. Осыған келісейік. Бұл жеңілдіктер ғылыми-зерттеу жəне тəжірибелік-конструкторлық жұмыстар мен ғылыми орталықтардың дамуын қаржыландыратын кəсіпкерлерге берілуге тиіс. Мұндай тəжірибе Сингапурда, Қытайда, Оңтүстік Кореяда өз тиімділігін көрсетті. Салық, Кəсіпкерлік жəне Бюджет кодекстеріне нақты нормаларды биыл дан қалдырмай енгізу керек, – деді Мемлекет басшысы.
Ғылым псевдоғалымдардың «майшелпегі» емес
Президенттің айтуынша, университеттердегі ғылымды жүйелі түрде да мыту үшін ғылыми мекемелердің ауқым ды желісін қалыптастыру қажет. Аймақтарда академиялық артықшылық орталықтарын, сондай-ақ технопарктер, инжиниринг хабтары мен зертханалар ашуды тапсырамын. Бұл ретте аймақтың ерекшелігімен қатар, ғылымитехнологиялық жəне экономикалық даму басымдықтарын ескеру маңызды.
– Ғылымды мемлекет тарапынан қаржыландыруға ғалымдар, нақтырақ айтқанда, псевдоғалымдар «майшелпек» ретінде қарамауы керек екенін баса айтқым келеді. Қаржы гранттарының көбінесе ғылыми маңызы, өзектілігі жоқ жобаларға берілетіні ешкімге жасырын емес. «Парасат» ғылыми хол дингінде болған өкінішті жағдай – осының анық мысалы. Бөлінген қара жаттың бəрі құмға сіңген судай болды. Ал оның бұрынғы басшысы, химия ғылымдарының докторы Америка азаматтығын алып, отбасымен бірге елден кетіп қалды. Еліміздегі зерттеу университеттерінің санын біртіндеп кө бейту қажет. Шетелдің жетекші жоға ры оқу орындарының филиалдарын ашу тəжірибесін жалғастыру керек, – деді Мемлекет басшысы.
Президент атап өткендей, ғылыми-жаратылыстану, инженер лік-тех но логиялық жəне əлеу меттік-гу ма нитарлық бағыттағы мықты ғылыми ор талықтар мен институттарды ашу жөніндегі кешенді жоспарды іске асыра бастаған жөн. Бұдан бөлек, қазіргі ғылыми-зерттеу институттары қыз метінің тиімділігіне сараптама жасау өте маңызды. Сондай-ақ жас ғалымдарға тартымды болу үшін институттардың жұмыс істеу тəсілдерін жетілдіру керек.
– Ғылыми кадрларды даярлаудың мəні зор. Бүгінде университеттердегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі қозғаушы күші – докторанттар. Əйтсе де олардың саны біздің жоғары оқу орындарында білім алушылардың 1 пайызына да жетпейді. Өкілетті органдарға докторантураға қабылданатындардың санын тиісті деңгейге жеткізуді тапсырамын. 5 мың жеткілікті цифр деп ойлаймын. Министрлік бұл мəселені қайта қарап, оның нақты саны мен санатын анықтауы жəне тиісті шешім қабылдауы қажет, – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдардың мəртебесін дəйекті түрде көтеріп, оларды əлеуметтік тұрғыдан қамтамасыз ету шараларын күшейту қажеттігіне тоқталды. Осы мəселеге байланысты акаде миктердің пікірімен келісетінін де айтты. Ол үшін жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелер қызметкерлерінің ғылыми дəрежесі мен атағына қарай тө ленетін үстемеақыны 1,5 есе арттыру қажет деді.
– Сонымен қатар күрішті күрмектен айыра білуіміз керек. Көмекке, əсіресе материалдық тұрғыда қолдауға лайық на ғыз ғалымдар жеткілікті. Сондай-ақ ғылыми атақтары бар, бірақ ғылымға еш қатысы жоқ ғалымдар да бар. Олар туралы кейінірек айтамын. Олар бұл атаққа тек əкімшілік, саяси қыз метінің арқасында қол жеткізген. Сондықтан оларды шын ғалымдармен шатастырмайық. Ғылымда кездейсоқ жүргендерден гөрі, нағыз ғалымдарға бөлінетін қаржыны ұлғайтқанымыз жөн, – деді Президент.
Бұл ретте университеттерді тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін мақсатты капитал қорлары (эндаумент қорлар) туралы заң жобасын əзірлеу маңызды.
– Ғылымды қаржыландыру көздерін көбейтуге, соның ішінде жер қойнауын пайдаланушылардың өндіріске жұмсайтын қаржысының 1 пайызын ғылыми-зерттеу жəне тəжірибелік-конструк торлық жұмыстарға міндетті инвестиция ретінде құюына айрықша назар аудару қажет. Бұл ретте өндіруші компаниялардың аталған шығындарын орталықтандыруды жалғастыру керек. Бұл орайда аталған қаражат тағы бір салық түрі ретінде қа былданбауға тиіс. Бұл – өте маңызды. Осы орайда жер қойнауын пайдаланушылар, соның ішінде «Самұрық-Қазына» қоры қаржыландыратын зерттеулерді ғылыми-техникалық саясаттың басымдықтарымен үйлестіру үшін тиісті ша ралар қабылдау қажет. Олардың ғылыми-зерттеу жəне тəжірибелікконструкторлық жұмыстарды жүргізу тəр тібін жоғары оқу орындары мен ғы лыми-зерттеу институттары үшін ашық, бəсекелі əрі қолжетімді ету керек. Барлық үдеріс мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамадан өткізіліп, ғылыми-техникалық кеңестерде қа ралуға тиіс, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы атап өткендей, өндірісте ғылыми-зерттеу жұмыстарын көбірек жүргізу керек. Ол үшін бизнес өкілдері ғалымдармен тығыз байланыста болуға тиіс. Елімізде «ақылды қалаларды» жəне агломерацияларды дамыту ісі өте маңызды. Сондай-ақ Каспий теңізін жан-жақты зерттеу жəне еліміздің биологиялық қауіпсіздігін сақтау керек.
«Жаңа сорттар арқылы астықтың шығымын арттыру, мал тұқымын асылдандыру, шөлді аймақтарда жеміс-жидекті үнемдеп суару сияқты мəселелерге ғылыми тұрғыдан қарау қажет. Осындай өзекті бағыт тарға ауқымды гранттар бөлу керек. Шын мəнінде, гранттармен қам та ма сыз етілген ғылыми жобалар өзекті, сұ ра нысқа ие болуы қажет», деді Президент.
Мемлекет пен бизнес әріптестігі
Қазір көптеген ғылыми мекеменің материалдық-техникалық жағдайы мəз емес екені белгілі. Тіпті нашар деуге болады. Ғалымдардың жалақысы төмен. Сол себепті кейбір дарынды ғалымдарымыз шетелдің ғылыми орталықтарында жұмыс істегісі келеді.
– Мұны ашық айтуымыз керек. Сондықтан негізгі ғылыми-зерттеу институттарын бюджеттен тікелей қаржыландыру қажет. Олардың инфрақұрылымы жаңғыртылып, заманауи зертханалар салынуға тиіс. Ғылыми зерттеу институттарының жұмысы қаншалықты тиімді екеніне талдау жасау керек. Жас ғалымдар онда ықыласпен жұмыс істеуі үшін жағдай жасау қажет. Сондай-ақ ұжымдық зертханалардың əлеуеті зор. Онда əртүрлі ғалымдар мен ғылыми ұжымдар бірлесіп жұмыс істей алады. Мен ғылыми инфрақұрылымды грант арқылы қаржыландырудың жаңа тəсілін енгізу қажет деп санаймын. Сол арқылы алынған құрал-жабдықты пайдалану құқығы басқа да ғылыми мекемелерге берілуге тиіс, – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сатып алуға қатысты нормалар нақты жобаларды жүзеге асыруға кедергі келтіріп отырғанын тілге тиек етті. Мұнда да қағазбастылық, бюрократия бар. Бұл жағдай ғылыми зерттеулер мен тəжірибелік-конструкторлық жұмыс тардың мерзіміне жəне сапасына кесірін тигізеді. «Мемлекеттік ғылыми мекемелерге жəне жоғары оқу орындарына осы жұмысты мемлекеттік сатып алу талаптарынан тыс жүргізуге мүмкіндік берілуі қажет», деді.
– Ғылымды дамытудың жаңа үлгісіне сəйкес Ұлттық ғылым академиясының рөлі ерекше болады. Ғылым академиясына жақында Президент жанындағы орган мəртебесі берілді. Оны қаржыландыру мəселесі шешілді. Академиктерге өмір бойы стипендия төленетін болды. Бірақ осы жерде ашық айтуым керек: бізде академиктер тым көп, кейбір академиктердің таза ғылымға еш қатысы жоқ. Бір қарағанда, академик деген аты бар. Бірақ ғылымды дамытуға қосқан үлесін ешкім білмейді. Осындай академиктердің ғылыми сапасы да, олардың ғылымға қосқан үлесі де күмəнді. Бұл академияға нұқсан келтіргені сөзсіз. Сондықтан академияның жаңа басшылығы осы маңызды мəселеге назар аударуы керек. Ғылым академиясының беделі, абыройы мінсіз болуы қажет. Нағыз ғалым болу – академик не болмаса доктор атағына ие болу емес, жан дүниеңмен беріліп ғылыммен айналысу, зерттеу жүргізу арқылы қоғам ға, елге пайдаңды тигізу екенін назарда ұстау қажет. Академияның жұмысы түбегейлі өзгеруге тиіс, – деді Мемлекет басшысы.
Осы орайда Президент тағы бір өте маңызды мəселеге тоқталды. Бұл қазақ тілінің латын əліпбиіне көшуіне қатысты. Бұл мəселе бүкіл қоғамның ықыласын тудырғаны белгілі.
– Мен бұрын бұл мəселе бойынша талай рет айттым: біз, ең алдымен, осы сəтті пайдалана отырып, қазақ тіліне реформа жасауымыз керек. Мəселе кирилл əліпбиінен латын əліпбиіне механикалық түрде көшуде емес. Біз латын əліпбиіне тез арада көшуіміз керек деп, көптеген өрескел қате жібердік. Мысалы, латын қарпімен жазылған билбордтарға қа ра ңыздар! Бұл – қазақ тілі емес, тіліміз дің табиғатына жат, бұрмаланған мəтіндер. Сондықтан бұл жұмысты Ғылым академиясының басшылығымен асығыстыққа жол бермей, жан-жақты ойластыра отырып, жалғастыру керек. Тағы қателесуге құқымыз жоқ. Бір мысал келтірейін. Мен бұл мəселе бойынша Құрылтай отырысында айттым. Кириллицада көптеген сөзде «ы» деген əріп бар. Мысалы, «ырымшыл» деген сөзде үш «ы». Біз оны автоматты түрде «у» деп жазатын болдық. Сонда «ырымшыл» деген сөзді латын əліпбиінде жазатын болсақ, үш игрек болады. Бұл қазақ тілі ме? Оны кім оқи алады? Ақырында, тіліміз кирилл əліпбиімен де, тіпті латын əліпбиімен де жағымсыз көрінетін болды. Осындай мысалдар аз емес. Сондықтан ғалымдарымыз басқа елдердің озық тəжірибесін мұқият зерттеп, ұтымды тұстарын пайдалануы керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент Ғылым академиясы Қазақстанды тұрақты əрі жан-жақты да мытуға мол үлес қосарына сенімді.
– Елімізді ғылыми-технологиялық жағынан дамытуға қатысты менің негізгі пайымдарым – осы. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: ғылымның жаңа үлгісі мемлекет пен бизнестің əріптестігіне негізделуге тиіс. Осы тəсіл əлеуметтікэкономикалық мəселелерді шешуге мүмкіндік береді деп ойлаймын. Бұл біздің Əділетті Қазақстанды құру жолындағы стратегиялық бағдарымызға толық сай келеді. Елімізде Қаныш Сəтбаев, Əлкей Марғұлан сияқты ғұламалардың жолын қуған ғалымдардың жаңа буыны шығатынына нық сенімдімін, – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев сөз соңында жиналған көпшілікті Ғылым күнімен құттықтады. Ғылым жолында жүрген азаматтарға шынайы ризашылығын білдірді.
– Мемлекет ғалымдардың еңбегін жоғары бағалайды жəне қолдау көрсете береді. Біз бүгін бірінші отырысты өткіздік. Алда тағы көптеген кездесу болады. Менің ұсынысым мынадай: біз ғылымның дамуына байланысты ең өзекті мəселелерді басымдық (яғни прио ритет) ретінде осы құраммен талқылап, тиісті шешімдерді қабылдауымыз керек. Əрине, мемлекеттің қаржылық мүмкіндігі шексіз емес, біз «көрпеге қарай көсілуіміз керек». Сондықтан академия басшылығы Мемлекет басшылығына ғылымның негізгі басымдықтарын ұсынуы қажет. Бұл – өте маңызды жұмыс, – деген Мем лекет басшысы жұртшылыққа Ғылым академиясының жаңа президенті Күнсұлу Закарьяны таныстырды.
– Күнсұлу Закарья – көрнекті ғалым, биология ғылымдарының докторы, əлемдік ғылым қоғамдастығына танымал профессор, отандық «QazVac» вакцинасының авторы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Пандемия кезінде Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін күшейтуге зор үлес қосты. Ұйымдастыру қабілеті жоғары. Сонымен қатар Ғылым академиясының бұрынғы президенті, көрнекті ғалым Мұрат Жұрынұлы Жұры новқа қажырлы еңбегі үшін тағы да алғысымды айтамын, – деді Мемлекет басшысы.
Кеңес отырысында Ұлттық ғылым ака демиясының академигі Асқар Жұмаділдаев, Ұлттық ғылым академиясының президенті Күнсұлу Закарья, Пурду (АҚШ) университеті Ядролық энергетика мектебінің профессоры Зинетола Еңсепов, Ұлттық ғылым академиясының академигі Жəкен Таймағамбетов, Густав Рози (Франция) институтының директоры əрі доценті Мұрат Сапарбаев, «Экономика институтының» Жаһандану жəне халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас ғылыми қызметкері Оразалы Сəбден, Аустрия ғылым жəне тех нология институтының доценті Жəні бек Əлпейішев жəне Лос-Аламос ұлттық зертханасының (АҚШ) ғылыми қызметкері, техника ғылымдарының кандидаты Дияр Талбаев сөз сөйледі.