RSS лента

Грузияда «шетелдік агенттер» туралы заң жобаларын Парламентте қарау митинг аясында жүріп жатыр

  • 06.03.2023, 17:45,
  • 545
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Sputnik / Stringer

Акцияға қатысушылар республиканың еуропалық бағытына қайшы саналатын заңнамалық бастаманы қабылдауға қарсы, деп хабарлайды Turantimes.kz 

Үкіметтік емес ұйымдардың, саяси партиялардың өкілдері, сондай-ақ азаматтық белсенділер Парламенттің алдына жиналып, шетелдік агенттер туралы заң жобаларын қарауға наразылық білдірді.


Естеріңізге сала кетейік, ақпан айында Грузия парламенті шетелдік агенттерді тіркеу туралы американдық Заңның аудармасы болып табылатын грузин және американдық нұсқаларын тіркеді. Құжаттың грузин тіліндегі нұсқасына сәйкес, қаржыландырудың 20%-дан астамы шетелден келетін заңды тұлға шетелдік ықпал ету агенті болып саналуы керек. Құжатқа сәйкес, БАҚ-ры да шетелдік агент болуы мүмкін.


Заң жобасын оппозицияны да, батыс саясаткерлері сынға алды. Дей тұра, идея авторлары – «Сила народа» қоғамдық қозғалысы мен «Грузин арманы» билеуші партиясының жетекшілері Ресей заңнамасымен ұқсастықты жоққа шығарады. Олардың айтуынша, жаңа заң шет мемлекеттердің өкілдері қаржыландыратын субъектілер жұмысының ашықтығы үшін қажет.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости