Барлық өңірлерде жүргізілген сауалнама барысында сайлаушыларға «ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында өз дауысыңызды қай кандидатқа бердіңіз?» деген сұрақ қойылды. Сауалнама қорытындысымен «Астана» кешенді әлеуметтік зерттеулер институтының сарапшысы Әлібек Тәжібаев таныстырып өтті.
«Негізгі «үздіксіз ағын» әдісі қолданылды. Бұл әдістің ерекшелігі - сайлау учаскесіндегі дауыс берушілердің барлығы сауалнамаға қатысады. Бұл – ең көп уақытты қажет ететін әдіс. Қазақстан бойынша 379 сайлау учаскесінде 482 мыңға жуық сайлаушы сауалнамаға қатысты. Сауалнама нәтижелері бойынша Қарақат Әбден - 2,84%; Нұрлан Әуесбаев – 2,38%; Жигули Дайрабаев - 3,68%; Мейрам Қажыкен - 2,62%; Қасым-Жомарт Тоқаев - 82,02%, Салтанат Тұрсынбекова - 2,24% дауыс жинаған», - деді спикер.
«Бәріне қарсы» дауыс бергендер - 4,22%; Келушілер саны 70,6%-ды құрады. Әлеуметтанулық зерттеудің қателігі шамамен ± 1,5%-дық тармақты құрайды.