RSS лента

Атыраулық оқушылар ерекше көзілдірік ойлап тапты!

  • 29.10.2024, 09:10,
  • 59
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Атырау Білім инновация лицейінің 11 сынып оқушылары Гайдар Атағұлла мен Қайырхан Лұқпанов көз жанары нашар көретін адамдардың өмірін жеңілдетуге арналған «ақылды көзілдірік» ойлап тапты, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Олардың жобасы халықаралық Microsoft Imagine Cup Junior 2024 байқауында 500 үздік жоба қатарына кірді. Бұл туралы бізге облыстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарова хабарлады. Оқушылар көру қабілеті нашар адамдар жиі кездесетін проблемаларды шешу үшін  RikaAI жасанды интеллектін жасап шығарған.


RikaAI -  бұл интуитивті бағдарлама, жәй ғана саусақпен басу арқылы  арқылы іске қосылады. Пайдаланушыларға дауыстық команда беріп, өзара әрекеттесуге мүмкіндік береді.


Сонымен қатар оның ақпарат беру, мәтінді оқу, нысандарды анықтау және суреттерге қол қою сияқты төрт негізгі функциясы бар.

"Біздің мақсатымыз -  RikaAI айналасында достық қауымдастық құру, пайдаланушылардың пікірлерін тыңдау,  адамдардың құқықтарын қорғау топтарымен серіктесу арқылы қол жетімділікке ықпал ететін іс-шараларға қатысу" дейді оқушылар.


Айта кету керек, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, әлемде ең кемі 2,2 миллиард адам жақын немесе алыс көру қабілетінің бұзылуынан зардап шегеді.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости