RSS лента

WhatsApp желісінде жаңа функция пайда болды

  • 15.05.2024, 16:01,
  • 355
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ru.freepik.com

WhatsApp профильдегі фотосуреттердің скриншоттауға тыйым салатын жаңа функция енгізді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.


Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі WABetaInfo басылымына сілтеме жасап хабарлайды. Жаңа функция пайдаланушының құпиялылығын жақсартуға және жеке суреттерді рұқсатсыз бөлісіп, таратуға байланысты әрекеттерді азайтуға арналған.

 

Дереккөздің айтуынша, жаңа функция бірінші Android қосымшасы үшін сынақтан өткен. Енді бұл мүмкіндік iOS-қа арналған WhatsApp-тың бета-нұсқасында 24.10.10.70 нөмірімен іске қосылды. Ол TestFlight қызметінде қолжетімді.

 

Әзірлеушілер жаңа функция қолданушылардың жеке мәліметтерін бақылауды күшейтіп, профильдегі фотосуреттерді теріс пайдалану ықтималдығын азайтатынын атап өтті.

 

"Бұл мүмкіндік кескіндерді рұқсатсыз пайдалану қаупін толығымен жоймаса да, құпиялылықты жақсартуға бағытталған маңызды қадам. Профиль фотосуреттерінің скриншоттарын алу мүмкіндігін өшіру арқылы WhatsApp болашақта фотосуреттерді иесінің рұқсатынсыз жөнсіз пайдалану немесе бөлісу қаупін азайтады", - делінген мақалада.

 

Профиль фотосуреттерінің скриншоттарын блоктау мүмкіндігі әзірленіп жатыр.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости