Харбиндегі қысқы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына екінші алтын медаль түсті. Фристайл-акробатикадан ерлер құрамасы топ жарды. Команда санында Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов өнер көрсетті. Осыған дейін ақ Азиадада фристайл акробатикадан отандастарымыз алтын медаль алмаған. Осыған дейін күміс пен қола жүлде бұйырған.
***
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан қола медаль алды. Бүгін IX қысқы Азия ойындарында фристайл-акробатикадан синхронды секіруде Қазақстан құрамасы қола медаль алды. Команда сапында Ардана Маханова мен Аяна Жолдас сынға түсті.
***
Отандасымыз Владислав Киреев IX қысқы Азия ойындарында биатлоннан 10 шақырым спринтте чемпион атанды. Бұл Қазақстан делегациясының қоржынында түскен 3-алтын медаль. Ол жарыс жолын 29 минут, 47.4 секундта жүріп өтті. Тағы бір отандасымыз Вадим Куралес күміс жүлдеге ие болды.