RSS лента

Белгілі жазушы дүние салды...

Автор фото: freepik.com

Мемлекет басшысы жазушы Сәбит Досановтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті қаламгер, драматург, «Отан» орденінің иегері, Мемлекеттік және М.Шолохов атындағы халықаралық сыйлықтардың лауреаты Сәбит Досановтың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты. Бұл туралы ОКҚ мәлім етті.

 

– Сәбит Айтмұханұлы қазақ әдебиетінің өркендеп қанат жаюына елеулі үлес қосты. Ұлттық проза мен драматургияның дамуына нағыз шығармашыл тұлға ретінде бар саналы ғұмырын арнады. Көркем туындылары сүйікті оқырмандарының тарапынан жоғары бағаланды. Соңына өшпес әдеби бай мұра қалдырған Сәбит Айтмұханұлының жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – деп жазылған жеделхатта.

 

 

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости