RSS лента

Қазақстандағы жердің 75%-дан астамы тозып кеткен

  • 08.02.2024, 13:30,
  • 247
  • 0
  • Автор:
Автор фото: pixabay.com

Сенатор Руслан Рүстемов Үкіметтен елдегі топырақтың деградациясы мәселесін шешуді сұрады, деп хабарлайды Turantimes.kz 

Депутаттың айтуынша, Қызылорда облысында су тапшылығына байланысты шаруа қожалықтары жыл сайын ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыруға басымдық бере отырып, негізгі күріш дақылының көлемін қысқартуға мәжбүр болып отыр.


«Алайда, бұл шаралар топырақ тозуының алдын алуға қауқарсыз. Елдегі күріш алқаптарының 90 %-ын қамтитын Сыр өңірінде тұзданған жерлер аумағы ұлғайып, топырақтағы зиянды тұздар мөлшерінің өсуі салдарынан егіске қолайсыз жағдай қалыптасуда. Күріш егу көлемі қысқарған сайын, оның айналасында жұмыс жасап, отбасын асырып жүрген жұмысшы-механизаторлардың саны да қысқаруда», - деп атап өтті сенатор.


Депутат Рүстемов сондай-ақ Қазақтың топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты ғалымдарының құрамын қысқартуға ұшырап жатқанына және әлеуеті төмендеп кеткеніне назар аударды. Сенатор осыған байланысты Қызылорда облысында мамандандырылған топырақтану зертханасын ашып, Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтымен бірлескен жұмысты ғылыми жүйелеуді ұсынды.


«Зертхананың құрылуы өңірде өсімдік шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, облыс тұрғындарының әл-ауқат деңгейін, оның ішінде ауыл шаруашылығы өндірісіндегі жаңа жұмыс орындарын арттыруға септігін тигізеді. Нәтижесінде, топырақ құнарлылығын арттыру арқылы тыңайтқыштарды оңтайлы пайдалану, сортты таңдау, ауылшаруашылығы дақылдарын сынау және шығару, оларды өсірудің агротехнологиялық стандарттарына сәйкестігін ғылыми қамтамасыз ету мүмкіндігі кеңейеді», - деді депутат.


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости