Аталған грант жыл сайын Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен 2021 жылдан беріледі. Оны «Ғылым», «Мәдениет», «Ақпараттық технологиялар», «Бизнес» және «Медиа» бағыттары бойынша мемлекетіміздің үздік 30 жобаның жас авторы ұтып алды.
Грант берудің мақсаты жастардың белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жаңа және қазіргі кездегі бастамаларын мемлекеттік қолдау болып табылады.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың дамуына, оларға жаңа және ауқымды мүмкіндіктер ашуға ерекше көңіл бөледі. Бар үмітіміз - еңбек пен білімнің жолымен жүретін, адамдық қадір-қасиеттің мәнін терең түсінетін, ата-баба дәстүрін қастерлейтін жастарда. Бүгінгі берілген грант - сіздердің табандылығыңыз бен талантыңыздың, қажырлы еңбегіңіз бен адалдығыңыздың, қоғам үшін маңыздылығыңыз бен өз әлеуетіңізді мойындауыңыздың сыйы» деді Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.
Конкурс қорытындысы бойынша 3 млн теңгеден 30 грант табысталды.