Шекарашылар 5 шетел азаматын ұстады
- 09.08.2023, 12:00,
- 376
- 0
- Автор:
Turan Times
Автор фото: knbgov_kz
2023 жылғы 4 тамызда ҰҚК ШҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің шекарашылары белгіленген өткізу пункттерінен тыс жерден Ресей Федерациясы аумағына қарай Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге әрекет жасаған 5 шетел азаматын ұстады, деп хабарлайды Turantimes.kz ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасай отырып.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған адамдар Қазақстан Республикасына әуе жолымен турист ретінде келген.
Алдын ала мәлімет бойынша олар жақсы өмір сүру жағдайын іздеп Еуроодақ елдеріне жол тартқан.
Ұсталғандар Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық сотының қаулысымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ел аумағынан шығарылды.