«Бүгін түнде біздің тамаша актеріміз Дархан Дайырбек қайтыс болды. Студиямыз туғаны мен туысқандарына қайғырып көңіл айтады. Дархан аға әрдайым көңілді әрі жақсы кісі еді. Сол қалпында есімізде қалады. Дәке, рөлдеріңіз үшін, жұмысыңызға және адамдарға деген қарым-қатынасыңызға рақмет. Иманды болыңыз» деп жазды Абамбай.
Azattyq Ruhy басылымы хабарлағандай, әріптестерінің сөзінше, актер пневмониямен ауырған және ұзақ уақыт реанимацияда жатқан.
Дархан Дайырбек 1968 жылы туған. «Аким», «Құдалар», «Досье Тамады", «Жених на пять дней», «Келинка Сабина-2», «Cүр бойдақ», «Ограбление по-казахски» фильмдерінде ойнаған.