RSS лента

Қызметтік пәтерлерді артық бағамен сатып алған

  • 23.01.2026, 09:21,
  • 28
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Атырау облысында мемлекеттік сатып алуды жоспарлау кезінде бюджеттік қаражаттың негізсіз жұмсалуына жол берілмеді. Әсіресе, сатып алынуы жоспарланған 10 қызметтік пәтердің бағасы нарықтық деңгейден жоғары болғаны анықталды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Облыс прокурорының аға көмекшісі Сайтдолла Дауешовтың айтуынша, жергілікті атқарушы органның бюджетті жоспарлау және мемлекеттік сатып алу саласында жүргізілген талдау нәтижесінде заң бұзушылықтар анықталды. "Атырау Прес" сайтының мәліметінше, 2025 жылы Атырау облысының Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасына 10 қызметтік тұрғын үй сатып алуға 503 млн теңге бөлінген болатын. Алайда талдау қорытындысы бойынша сатып алынатын пәтерлердің бағасы нарықтық деңгейден асып кеткені анықталды. Сондықтан прокуратура тарапынан наразылық сипатындағы ұсыныс енгізіліп, нәтижесінде заңсыз жоспарланған шығындар тоқтатылып, маслихат сессиясының шешімімен бюджеттік қаражат қайтарылды.

 

Прокурорлық қадағалау актілері аясында үнемделген бюджеттік қаражат жергілікті атқарушы орган тарапынан өңірдің әлеуметтік қажеттіліктері мен инфрақұрылымын дамытуға қайта бөлінді.


2025 жылы облыс прокуратурасы бюджетті негізсіз жоспарлау саласында 12 млрд теңгеге жуық заң бұзушылықтарды анықтады. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу саласындағы заң талаптарын бұзғаны үшін 84 мемлекеттік органның басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости