RSS лента

Ұлытауда интернет-алаяқтықтың алдын алудың жолын тапты

  • 06.01.2026, 11:36,
  • 24
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ІІМ

Ұлытау облысында интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша жаңа бастама қолға алынды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

ІІМ мәліметінше, Ұлытау облысы полиция департаменті интернет-алаяқтық қылмыстарының алдын алу және азаматтарды қорғау мақсатында жаңа профилактикалық бастаманы іске қосты. Аталған бастама аясында әрбір полиция қызметкері өз тұратын ауданындағы көршілерін жеке аралап, интернет-алаяқтардың кең таралған әрекет тәсілдері жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Кездесу барысында азаматтарға бейтаныс тұлғаларға жеке және банктік деректерді бермеу, күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сақ болу, сондай-ақ белгісіз сілтемелерге өтпеу қажеттілігі ескертілуде.


Бұл іс-шара тұрғындардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Әсіресе егде жастағы азаматтар мен интернетті сирек пайдаланатын тұрғындарға ерекше назар аударылып отыр. Полиция департаменті облыс тұрғындарын қырағылық танытуға және интернет-алаяқтық белгілері байқалған жағдайда дереу полицияға немесе "102" нөміріне хабарласуға шақырады. Ұлытау облысы полиция департаменті интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастыруды жоспарлап отыр.


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости