RSS лента

Алматыда полицейлер заңсыз студияның қызметін тоқтатты

  • 03.10.2025, 10:24,
  • 6
  • 0
  • Автор:
Автор фото: polisia.kz

Алматы қаласында полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы элиталық тұрғын үй кешенінде жұмыс істеп тұрған заңсыз студияны әшкереледі, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бұл туралы polisia.kz жазады. Ғимаратта арсыздыққа итермелейтін қызметтер көрсетілген. Заңсыз қызметпен айналысқан әйел жауапқа тартылды. Сондай-ақ пәтер иесі анықталып, заңға сәйкес тиісті шаралар қабылдануда.


- Мұндай деректер тұрақты түрде анықталып, жолын кесу жұмыстары жүргізіледі. Біздің міндетіміз – қоғамдық моральды қорғау және осы саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, – деді Алматы қалалық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев.

 


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости