Жеке тексеру кезінде ер адамның қалтасынан балалар ойыншығына арналған футляр табылып, оның ішінен есірткі затын тұтынуға арналған құрылғы анықталды. Ұсталған азаматтың автокөлігі мен пәтеріне санкцияланған тінту жүргізу барысында марихуана салынған полиэтилен пакеттері тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған есірткі затының жалпы салмағы 30 граммды құрады.
2025 жылғы 21 сәуірде Өскемен қалалық сотының үкімімен құқықбұзушы 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енді.
Еске сала кетейік, жыл басынан бері Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері есірткі айналымына қатысты 152 құқықбұзушылықты анықтады. Оның ішінде 27 сату, 6 аса ірі мөлшерде сақтау және 4 контрабанда фактісі тіркелген.
Заңсыз айналымнан 18 келіден астам түрлі есірткі заттары тәркіленді.