RSS лента

Қиындықта қалғандарға көмектесетін орталық басшысы сотталуда

  • 09.04.2025, 14:04,
  • 35
  • 0
  • Автор:
Автор фото: "Midjourney" нейрожелісімен жасалған

«Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өмірлік қиын жағдайға қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған ортылығы» КММ-нің директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі әлеуметтік саладағы заңдылық қағидатын қамтамасыз етуге ерекше назар аударады.

 

Агенттік уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары тарапынан заңсыз іс-әрекеттерді белгілеу бойынша профилактикалық, алдын алу, сондай-ақ жедел іс-шаралар кешенін тұрақты негізде жүргізеді.

 

Мәселен, Батыс Қазақстан облысы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өмірлік қиын жағдайға қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған ортылығы» КММ-нің директорына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

 

Ол электр жабдықтарын ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша жалған актілерге қол қойып, еңбек қызметін іс жүзінде орындамаған адамдарға жалақы есептеу арқылы 2024 жылғы ақпан мен желтоқсан аралығында жалпы сомасы 11,5 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталуда.

 

Айыпталушы сотқа тартылды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости