RSS лента

Биыл судан қауіп бар ма?

  • 31.03.2025, 09:04,
  • 30
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Су ресурстары және ирригация министрлігі тасқын суларды өткізу және қабылдау кезінде гидротехникалық құрылыстардың жай-күйі мен жұмыс режимін бақылайды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бұдан бөлек, тасқын судың су айдындарына бағытталуын қамтамасыз етеді. Өткізу қабілетін жақсарту үшін 240 шақырым өзен арналарын тазарту, кеңейту және тереңдету жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ведомствоның ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева хабарлады. Ресми өкіл Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев және Петропавл су қоймаларын толтыру кезінде су ағызылатынын атап өтті. Су басу қаупін азайту үшін Есіл өзенінің өткізу мүмкіндігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қарағанды және Қостанай облыстарының су қоймаларына ағын аз, сондықтан объектілер су жинайды, ал ағызу тек санитарлық қажеттіліктер үшін ғана жүргізіледі. Сондай-ақ спикердің айтуынша, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының су қоймаларында су тасқынының белсенді кезеңі өтті. Барлық құрылымдағы жағдай тұрақты.

 

«Еліміздің солтүстігіндегі ірі су қоймалары орта есеппен 81%-ға, оңтүстігінде – 83%-ға, батысында – 59%-ға, шығысында – 84%-ға, орталық облыстарында – 79%-ға толды. Жиналған тасқын су өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығын жемшөп базасымен қамтамасыз ету, көлдер мен өзендердің экожүйелерін сақтау қажеттіліктері үшін пайдаланылады. Барлық ғимаратта тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды», – деді Мөлдір Әбдуалиева.

 

Оның деректері бойынша, «Қазсушар» және бассейндік инспекциялардың мамандары күн сайын Тasqyn ақпараттық жүйесіне су қоймаларындағы су деңгейі бойынша деректерді енгізеді. Осы ақпарат пен басқа мемлекеттік органдар ұсынатын мәліметтер негізінде су тасқынын модельдеу жүргізіледі.

 

«Мемлекет басшысына қол қоюға жіберілетін Су кодексіне тоқтала кетейін, бұл іргелі құжат деп айта аламын. Су тасқыны бойынша онда орталық және жергілікті атқарушы органдардың өкілеттіктері су тасқыны мен құрғақшылыққа қарсы күрес желісі бойынша нақты ажыратылған», – деп қосты министрліктің ресми өкілі.
Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости
Популярно
  • Сутки
  • Неделя
  • Месяц