RSS лента

Досының 15 млн теңгесін жымқырған...

  • 26.03.2025, 09:26,
  • 56
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

15 млн теңге жымқырған алаяқ алты жылға сотталды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Тараз қаласының тұрғыны өзінің танысын оңай олжамен қызықтырып, 15 миллион теңгесінен айырды. Ол апатты жағдайда тұрған ғимаратты қайта рәсімдеп, жекешелендіріп беруге уәде етіп, жәбірленушінің сеніміне кірген. Қолма-қол санап берген қомақты қаражаттан кейін, күдікті түрлі сылтаулар айтып, жеті ай бойы танысын сендіріп келген. Алайда уақыт өте келе ғимараттың мүлде басқа адамның атына рәсімделіп кеткенін естіген жәбірленуші құқық қорғау органдарына жүгінуге мәжбүр болды. Бұл туралы Polisia.kz жазады. Жүргізілген тергеу нәтижесінде алаяқтың қылмысы дәлелденіп, сот үкімімен ол алты жылға бас бостандығынан айырылды. Енді ол жазасын қауіпсіздігі аралас мекемеде өтейді. Сонымен қатар сот шешімі бойынша жымқырылған 15 миллион теңгені, 3,5 миллион теңге тұрақсыздық айыбын және сот шығындарын өтеп беру міндеттелді.


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости