RSS лента

«NXplorers: Жасыл ұрпақ бәйгесі» республикалық онлайн-конференциясы өтті

  • 28.05.2025, 09:00,
  • 1 087
  • 0
  • Автор:
Автор фото: lajornadamaya.mx

2025 жылғы 27 мамырда «NXplorers: Жасыл ұрпақ бәйгесі» атты республикалық онлайн конференция өтіп, халықаралық білім беру бағдарламасының жаңа кезеңі ресми түрде басталды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бағдарлама 2021 жылдан бері Қазақстанда Shell компаниясының қолдауымен, ҚР Оқу-ағарту министрлігі, «Дарын» руспубликалық ғылыми практикалық орталығы және Caravan of Knowledge корпоративтік қорының серіктестігімен жүзеге асып келеді.


 

NXplorers бағдарламасы оқушылар мен мұғалімдердің жүйелі, сыни және шығармашылық ойлауын дамытып, күрделі экологиялық мәселелерді шешуге үйретеді.


 

Бағдарламаға қатысқан педагогтер аттестацияда ескерілетін ресми сертификат пен «Дарын» орталығынан алғыс хат алады. Сонымен қатар, олар оқушыларымен бірге экологиялық жоба жасап, оны жүзеге асыру үшін 1 000 000 теңге көлемінде грант жеңіп алу мүмкіндігіне ие болады.

 

«Жоба барысында оқушылар түрлі ақпарат көздерінен дерек іздеп, оны талдауды, өз ойын ашық жеткізуді және дұрыс шешім қабылдауды үйренді», — дейді жеңімпаз команданың тәлімгерлері.

 

Онлайн конференцияны алғашқы күні шамамен 700 адам көрді, ал әлеуметтік желілердегі қамту 66 000-нан асты. Конференция аясында жаңа педагогикалық комитет те таныстырылды — енді олар бағдарламаны сүйемелдеуде маңызды рөл атқарады.

 

Тіркелу және толық ақпарат: https://zhasylurpak.com


 


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости