Polisia.kz мәліметінше, полицияға Темір ауданының тұрғыны арызданды. Оның айтуынша, телефонынан белгісіз адамдар несие рәсімдеп алған. Полиция қызметкерлері тексеру барысында автокөліктің салонында спирттік ішімдіктерді бірлесіп ішу кезінде жәбірленушінің ұйықтап қалғанын пайдаланып, оның бөтелкелесі телефонда орнатылған қосымша арқылы 400 мың теңгеге несие рәсімдеп, өз шотына аударғанын анықтады. ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті кінәсін мойындады.