Polisia.kz мәлім еткендей, сайрамдық полицейлер мал ұрлығына қатысты қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған 59 жастағы ер адамды анықтады.
Белгілі болғандай, 3 бас бұқасын ұрлаған жәбірленушінің туысы болып шықты. Яғни, ер адам материалдық пайда табу мақсатында туысының малы қайда болатынын жақсы білген соң тұрғын үйінен алыс орналасқан қорадан бұқаларын алып кеткен. Содан бір бас бұқаны мал базарға сатып үлгерген.
Тәртіп сақшылары қолды болған 2 бас бұқасын айғақты зат ретінде тәркілеп, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.