– Облыстық ішкі саясат басқармасы менің арызыма берген жауабында орын алған әрекетке жауапты деп танылған «Sicim» ЖШС-нің қызметкері кінәсін мойындап, өз еркімен қызметінен босатылғанын мәлімдеді. «Осы жауаппен келіспеген жағдайда Сіз жоғары тұрған құзыретті органға немесе сотқа жүгінуге құқығыңыз бар» деп жазылған ресми жауапта, - дейді Р.Пангерейұлы.
Айта кетейік, аталған факт негізінде құқық қорғау огандарымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 372-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалған болатын.
Еске салсақ, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қорлау – 3000 айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл төлеуге әкеліп соғады. Болмаса, кінәлі тарап сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, немесе 900 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады. Тіпті, екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығы шектеліп, не сол мерзiмге бас бостандығынан айырылуы да мүмкін.