RSS лента

Түркістандықтар солтүстікке көшкісі келеді...

  • 25.04.2023, 15:09,
  • 365
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ortcom.kz

Түркістан облысының Сайрам ауданында «Қоныс аудару» жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Онда Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Абай облыстарының жұмыс берушілері бос жұмыс орындарын ұсынып, қоныс аударған жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмектер, көшу шығындарын өтеу бағдарламалары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді,. Бұл туралы өңір әкімдігінің баспасөз қызметінен білдік.


Халқы тығыз орналасқан Сайрам ауданының тұрғындарына жалпы 3934 вакансия ұсынылды,  Сұранысқа ие мамандықтар қатарында медицина, білім, көлік, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы және өзге де салалар бар. Жиынға 500-дей жергілікті тұрғын белсенділік танытып, қатысты. Қоныс аударуға ниеттілердің саны артқаны байқалды.

 

Еске сала кетейік, Түркістан облысында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында «Қоныс аудару» жәрмеңкесі өткізілуде. Делегация құрамындағы 80-ге жуық өкіл арнайы келіп қатысуда. 500-ден астам мақтааралдық тұрғын ішкі көші-қон бойынша мағлұматтарға ие болып, бос жұмыс орындарына орналасуға өтінім берді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости