Атырауға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы келетіні жөнінде хабар тарағалы облыс орталығында қызу дайындық жұмыстары басталып кетті. Әлеуметтік желіде Президенттің сапары алдымен 4, кейін 7, енді 8 қараша күндеріне жоспарланғаны айтылып келді. Дайындық барысында Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының алдындағы алаң қайта жаңғыртылды. Сол жерде Қасым-Жомарт Тоқаев халықпен кездеседі деген әзірге бейресми мәлімет бар. Мұнайлы астананың орталық көпірі, көлік және жаяу жүргіншілер жолы, көшелер мен саябақтар, даңғылдар мен алаңдарға тазалық жұмыстары жүргізілді. Алдын ала ақпарат бойынша Президент "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc" газ-химиялық кешенін салтанатты түрде ашады деген жоспар бар.