RSS лента

Қазақстанға Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы келмек

  • 01.05.2025, 11:40,
  • 133
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Ақорда

5-7 мамыр күндері Қазақстанға Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 5-7 мамыр күндері Қазақстанға Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы То Лам мемлекеттік сапармен келеді. Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы қазақ-вьетнам ынтымақтастығын дамыту перспективасы талқыланады. 7 мамыр күні Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Астанада өтетін әскери парадты тамашалайды.
Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости