RSS лента

Қазақстанға Словения Президенті келеді деп күтілуде

  • 26.03.2025, 17:01,
  • 100
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Ақорда

Қазақстанға Словения Президенті келеді деп күтілуде, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстанға Словения Президенті келеді деп күтілуде. 2025 жылдың 31 наурыз – 1 сәуір күндері Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар Қазақстанға ресми сапармен келеді. Сапар барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөз жүргізіп, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылау жоспарланып отыр. Екі ел арасындағы іскерлік байланысты дамытуға айрықша назар аударылып, Қазақстан-Словения бизнес-форумы өтеді. Словения экожүйелерді қорғау және орнықты даму бастамаларын белсенді түрде ілгерілетіп келеді. Бұл сапар екіжақты қарым-қатынасты арттыруға, соның ішінде экология, экономика және гуманитарлық бастамаларды нығайтуға тың мүмкіндік береді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости